Үкімет корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесін 25%-ға дейін ұлғайту, қызметкерлер үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жарналарын (МӘСМС) және жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын (МЖЗЖ) алып тастау мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы жаңа Салық кодексі жобасында жазылғаны белгілі болды.
Бұған дейін Қаржы министрі Мәди Такиев жаңа Салық кодексі жобасын 15 мамырдан кешіктірмей Мәжілістің қарауына енгізу керектігін айтқан болатын. Бірақ бұл құжат депутаттарға ұсынылған жоқ.
Кейін Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов MyBuh.kz ұйымдастырған конференция барысында Салық кодексін дайындау соңғы кезеңде екенін айтты. Оның айтуынша, 2024 жылдың қыркүйегінде Мемлекеттік кірістер комитеті құжатты парламентке жіберуі керек. Ал маусым айынан бастап кодекстің нормаларын түсіндіру жұмыстары...