Утильалымнан жиналған қаржыға еліміздің бірнеше өңірінде қалдықтарды қайта өңдеу зауыттары салынады. Бұл үшін «Жасыл даму» АҚ 200 млрд теңге көлемінде қаржы бөледі. Бұл ақша зауыттан бөлек қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеу технологияларын енгізуге, қалдықтармен айналысатын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіруге жұмсалады. Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев осылай деп мәлім етті.
Вице-министр бүгінде қоғамда утильалымға қатысты үлкен дау жүріп жатқанын атап өтті.
«Халық қазір утильалым ақшасы қайда кетіп жатқанын білмей жатыр. Утильалымды алып тастау керек деп наразылықтарын да білдіруде. Негізі қалай болса да ол көлік құрылысы саласын дамытуға, елдің экономика және локализация мәселелерін шешуі тиіс»,- дед...