Nasdaq 100 индексімен салыстырғанда америкалық PDD Holdings қолхаттарының дисконты барлық сауда кезіндегі ең жоғары деңгейіне жетті. Наурыз айынан бастап қытайлық Temu маркетплейсіне иелік ететін компания қағазының құны биржада 45%-ға өсті. Алайда нарықпен салыстырғанда оның бағасы мен болашақ кірістің арақатынасы бойынша әлі де арзан. Бағаға Қытай мен АҚШ-тың арақатынасы, қытайлық онлайн-сауда саласындағы қатал бәсекеге алаңдап отырған инвесторлардың күдігі әсер етуде.
Толығырақ
АҚШ-тағы PDD қолхаттарының құны қазір келер жылы күткен пайдадан 13 есе жоғары боп тұр. Бұл АҚШ-тың Nasdaq 100 индексінің бағаланған құнының жартысы ғана, оның құрамына қағаздары осы биржада сатылатын ең ірі компаниялар кіреді деп хабарлады Bloomberg. Агенттік бұл...