1 сәуірдегі жағдай бойынша елдегі банктердің айналымында 75,8 миллион карточка бар. Ұлттық банк статистикасына сәйкес Қазақстанда дебеттік карточкалардың үлесі 80,9%-ға жетті. Несие карточкаларының көрсеткіші – 16,2%. Ал кредиттік лимиті бар дебеттік және алдын ала ақысы төленген карточкалардың үлесі 2,9% болды.
Наурыз айында қазақстандық эмитенттер төлем карточкалары бойынша 13,8 трлн теңгеге транзакция (987,0 млн бірлік) жасады.
2023 жылдың 1 сәуіріндегі кезеңмен салыстырғанда, қолма-қол жасалмайтын транзакция саны 7,8%-ға (966,5 млн) өсіп, оның көлемі (8,3%) 11,8 трлн теңгеге жетті.
Төлем карточкалары арқылы тұтынушылар 2,0 трлн теңге қолма-қол ақша алған. 2023 жылдан бергі кезеңмен салыстырғанда ақша шешу операциясының саны 1,9%-ға артты.
Қазақстан аумағында...