Қазақстандағы инфляцияның қазіргі жай-күйі
Соңғы жылдары баяулады десек те, жалпы Қазақстанда инфляция деңгейі мәз емес. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2024 жылғы қарашада инфляция баяулаған.
«Бір жылда 8,4% (2024 жылғы қазанда – 8,5%). Бір айда инфляция 0,9% құрады (алдынғы айдағыдай). Баға ақылы қызметтерге бір жылда 13,3% (2024 жылғы қазанда – 14,3%), азық-түлік емес тауарларға – 8% (2024 жылғы қазанда – 7,8%), азық-түлік тауарларға – 5,4% өсті (2024 жылғы қазанда – 4,9%)», – деп жазылған Ұлттық статистика бюросының ресми дерегінде.
Алайда экономистердің айтуынша, 2024 жылдың соңындағы жағдай бойынша Қазақстандағы инфляцияның шынайы деңгейі 10–12% шегінде. Бұл Ұлттық банк белгілеген нысаналы дәлізден...