Алматы қаласы Түрксіб аудандық мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Әнипа Назарбаеваны сотқа берді.
Сот жүйесіне тіркелген іс құжаттарына сүйенсек, Мемлекеттік кірістер департаменті «CDM GRoup» компаниясының бұрынғы иесі Әнипа Назарбаева мен қазіргі иесі Жанат Мамриеваның үстінен сотқа арыз берген.
Департамент «CDM GRoup» компаниясының жарғылық капиталындағы 100% үлесті сатып алу – сату шартын және мемлекеттік қайта тіркеуді жарамсыз деп тануды сұраған.
Іс 2024 жылдың 11 қарашасында басталған, 6 қаңтарда алғашқы сот отырысы белгіленген. Алайда алғашқы сот отырысына қатысты құжаттар жүйеде жария болмаған.
Egov жүйесіндегі ақпаратқа сүйенсек, «CDM GRoup» компаниясы 2015 жылы 18 наурызында тіркелген. 2017 жылға дейін оның құрылтайшылары: Әнипа Әбішқызы Назарбаева мен Әли Жанболатұлы...