Қытайлық Fujian Hengwang Investment Co. компаниясы Шымкентте металлургиялық зауыт салады. Жобаны жүзеге асыру барысында аталған компания Қазақстан экономикасына 1,75 млрд доллар инвестициялап, мың жаңа жұмыс орнын ашпақ.
Үш кезеңдік металлургиялық зауыт бес жыл ішінде салынады. Оның жылдық өндірістік қуаты 5 млн тоннаны құрайды. Кәсіпорын экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әлемдегі ең озық технологияларды пайдаланатын болады.
Тиісті меморандумға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Fujian Hengwang Investment Co., Ltd» компаниясының басқарма төрағасы Лю Юнмин қол қойған. Зауыт іске қосылса, басқа да бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Fujian Hengwang Investment Co., Ltd компаниясы болат өндірісі мен халықаралық саудада...