Қазақстан Украинадағы әскери іс қимылдарын тоқтатуды және мәселені келіссөздер жүргізу арқылы шешуді жөн деп санайды. Бұл туралы Сенат баспасөз алаңында палата спикері Мәулен Әшімбаев айтты.
Спикер бұл сөздерімен Украина президенті Владимир Зеленскийдің «Қазақстанның Киев пен Мәскеу арасындағы соғыстағы ұстанымының нақты еместігіне қатысты» мәлімдемесіне жауап берді.
Журналистер Мәулен Әшімбаевтан Украина президенті Владимир Зеленскийдің «Орталық Азия елдері Кремльге қарап, әрекет етіп, Украинаға тиісті қолдау көрсетпейтіндігі туралы» айтқан сөздеріне түсініктеме беруді сұраған.
Әшімбаев Қазақстанның ұстанымы нақты екенін және оның бірнеше рет қайталап айтылғанын атап өтті. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейде «квазимемлекеттік құрылымдарды» (Луганск мен Донецск облыстарының тәуелсіздігің – ред.) мойындамайтынын мәлімдегенін...