Елімізде мемлекеттік және әскери қызметкерлерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынады. Мәжіліс екінші оқылымда ойын бизнесі, лудоманиямен күресті реттеуге арналған заңға енгізілген түзетулерді қолдады. Бұл тыйым 280 мыңға жуық шенеунікке, әскери және бюджеттік ұйымдардың басшыларына қатысты болады.
Мәжіліс депутаттары «Кейбір заңнамалық актілерге ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда қабылдап, Сенат қарауына жіберілді.
«Бүгін қоғамымызға тікелей әсер ететін өте маңызды заң жобасын қабылдап отырмыз. Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Президент лудоманияны XXI ғасырдағы басты әлеуметтік зұлымдық деп атады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, ойынға тәуелділікпен күресудің кешенді жоспары қабылданды...