Өңірдегі түйткіл Орталық Азия үшін тың перспектива ашып берді ме? Қазақстан қандай шешім қабылдайды?
Халықаралық сарапшылар пайымынша, биыл Орталық Азия елдерінің экономикалық белсенділігі біршама баяулайды. Әлем экономикасының әлсіреуі, Қытайдағы өсімнің баяулауы, қатаң ақша-несие саясаты және шикізаттық тауарлар бағасының төмендеуі өңірдегі экономикалық өсім перспективасына жағымсыз әсерін тигізбек. Дегенмен өңір елдерінде алға ұмтылыс бар және ол қозғалыс соңғы екі жыл бедерінде ерекше белсенді бола түсті. Халықаралық сарапшылар Орталық Азияның әлемдік аренадағы орны мен маңызын түсінеді және бұл ретте өңір көшбасшысы Қазақстанның рөлін бөле-жара айтады.
Өңірдегі экономикалық өсім көрсеткіші қалай қалыптасады?
Мақаламызға өзек еткелі отырған баяндамадағы ойлар мен деректерге сәл кейінірек орын береміз, әзірге маңызды әлемдік ұйымдардың бағалауын айналып өтпелік. Дүниежүзілік банк мамандарының айтуынша, өңірдегі экономикалы...