Ресейлік «Татнефть» мұнай компаниясы Бутадиен жобасындағы 100% үлесін Қазақстанмен бірлесіп иелік ете бастады. 2023 жылы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры «Бутадиен» бірлескен мұнай-химия кәсіпорнының жарғылық капиталындағы 25 пайыздық үлесін «Татнефть» ЖАҚ сенімгерлік басқаруына берді.
Қордың «Самұрық-Қазына Өндеу» химиялық еншілес ұйымының аудиттелген қаржылық есебінде топтың Бутадиендегі үлесі бірлескен кәсіпорынға 8,5 млрд теңге инвестиция ретінде тиесілі екені көрсетілген. Бұған бірінші болып «Интерфакс» агенттігі назар аударды.
Құжатта «Самұрық-Қазына Өндеу» компаниясы «Татнефть» компаниясының сенімгерлік басқару шарты мен бірлескен қызмет туралы келісім жайын талдап, 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ресейлік және қазақстандық компаниялар Бутадиенге бірлескен бақылау жүргізеді деген қорытындыға келгенін нақтылайды.