Әлия Назарбаева қазақстандық кәсіпкерлер – Нұрлан Бимурзин мен Медғат Қалиевтің үстінен «рейдерлік бойынша жала жапты» деп сотқа шағым түсірген. Алайда экс-президенттің қызы сотта жеңіліп қалған. Бұл туралы ҚазТаг агенттігі хабарлайды.
«Әлия Назарбаева адвокаттары арқылы Н.С.Бимурзин мен М.Г. Қазиевті жала жапқандары үшін жауапкершілікке тартуды сұраған. Өткен аптада сот еш заң бұзылмаған соң, істі қысқарту туралы шешім шығарды», – деді Нұрлан Бимурзин.
Наурыздың ортасында Бас прокуратура Назарбаева рейдерлік жолмен бизнесті басып алды деп айыптаған мәлімдемені қабылдағанын растады.
Кәсіпкердің айтуынша, 2003 жылы «Ескі Қазақстан» өкілі әкесінің кәсібін тартып алған. Конституциялық Кеңес төрағасы Игорь Роговтың әйелі Валентина...