2023 жылы Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті және өңдеу өнеркәсібін дамытуға 50 млрд теңге бөлінген. Бұл жайлы депутаттардың сауалына берген жауабында премьер-министр Олжас Бектенов айтқан.
Депутаттар өз сауалында жеңіл өнеркәсіпке қолдау көрсетіп, 3%-дан аспайтын мөлшерде жеңілдікті кредиттер ұсыну мәселесін көтерген. Үкімет басшысы мемлекеттік шаралар қабылданып жатқанын, бұл саланы қолдау жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес салаға 2029 жылға дейін қолдау көрсетілетінін айтқан. Қаржыландыру «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы бөлінген.
«Өткен жылы бөлінген 50 млрд теңге шеңберінде өңдеу өнеркәсібі жобалары үшін 9%-бен, оның ішінде тек жеңіл өнеркәсіп жобалары үшін 3%-бен бюджет қаражаты көзделді. Механизм шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыруға...