Ресейлік блогер Илья Варламов «Әлемнің үздік қалалары» тізімінде Алматыны оныншы орынға жайғастырды. Қазақстанның оңтүстік астанасын Кейптаун, Амстердам, Нью-Йорк, Вена, Копенгаген, Берлин, Токио, Сеул және Лондоннан артық көрген. Варламов қала орталығындағы жаяу жүргіншілерге арналған көшелерді, қысқы велосипедтерді, ашық алаңдарды, дәмді тағамдар мен табиғатты атап өткен.
«Алматының артықшылығы – 20 минут ішінде қаладан шығып, таңғажайып ұлттық саябақта – таулар, шыршалар, қайыңдар, сарқырамалар, өзендер, көлдер арасына тап боласыз. Бұл жерде жүргендерде қаладағы кептеліс, жаңа архитектурадағы кемшіліктерді ұмытасыз», – деп бастады блогер Іле-Алатау ұлттық паркі туралы әңгімесін.
Варламов қала орталығын қайта құру процесін бөлек атап өтіп, жер асты өткелдерін...