2024 жылы кәсіп иелері мен олардың жұбайлары 250.00-нысан бойынша салық есебін өткізуге міндетті. Бұл — жемқорлықпен күресу үшін, сонымен бірге салық базасын ұлғайтып, бюджетке түсетін түсімді арттыру мақсатында жасалып отырған шара. Есепті қалай және қашан тапсыруға болады? Тапсырмаған жағдайда не болады? Осы туралы материал дайындадық.
Есіңізде болса, декларация тапсыру процесі 2021 жылдың 1 қаңтарынан басталған. Ол кезде мемлекеттік құрылымда қызмет ететіндер мен олардың жұбайлары тапсыруға міндеттелген. Екінші кезеңі 2023 жылдың қаңтарынан жалғасты. Бұл уақытта мемлекеттік қызметкерлер, бюджет және квазимемлекеттік секторда істейтіндер мен жұбайлары тапсырған еді. Ал үшінші кезеңі биылғы 1 қаңтардан басталды. 2024 жылдан бастап 250-нысан бойынша декларацияны бизнесмендер...