Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарышты дамыту министрі Жаслан Мәдиев брифингте жасанды интелект аясында QazLLM жобасы жасақталып жатқанын хабарлады.
Қазіргі уақытта QazLLM-ді дамыту мақсатында күш салудамыз. Бұл – ауқымды тіл моделі. Бұл үшін қазақтың сөздік қорын жинақтап жатырмыз. Төл қазақ сөздері қолданылады. Қазақша мәтін түрлі құралдар арқылы басқа тілдерге сапалы аударма жасалынады. Нәтижесінде машина оқитындай деңгейге жетуі керек, – деді министр.
Ведомство басшысы QazLLM үздіксіз жетілдірілетінін айтты. Отандық өнімді жұмыс тобы жыл аяғына дейін тұтынушыларға ұсынады.
Бұл модель кезең-кезеңімен жетілдіріліп отырады. Назарбаев университеті және Ұлттық технологиялар орталығымен бірлесе отырып, осы жобаны сарапшылармен...