Жаңаөзенде ереуілге шығып, жұмыссыз қалған мұнайшылар үшін бос жұмыс орындары ұсынылған. Бұл жайлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев айтты.
Жиын барысында журналист Жаңаөзенде мұнайшылардың ереуілге шыққанын, олардың жағдайы не болатынын сұрады.
«Жаңаөзенде жақында мұнайшылар ереуілге шықты. Олар өздерін “ҚазМұнайГаз» балансына көшіруді сұраған болатын. Ол мұнайшылардың қазіргі статусы қандай? Олар жұмыссыз санала ма? Жетібай мен Жаңаөзенде жұмыспен қамту жағдайы қандай?”, – деді журналист.
Өз кезегінде министрлік өкілі Жаңаөзенде бос жұмыс орындары көп екенін айтып, жұмыссыз қалған мұнайшылар сол жұмыс орындарына барып «кедергісіз орналаса алады» деп сендірд...