Мәдениет және ақпарат министрлігі TikTok желісіндегі 1 348 бейне жазбаға қатысты шағым түсірген. Платформа тек 206 бейнені өшіруге келіскен. Қазақстан әлеуметтік желіні қандай жағдайда бұғаттауы мүмкін? «Курсивтің» ресми сауалына министрлік жауап берді.
Ведомствоның жазуынша, Қазақстан желіні бұғаттағысы келмейді. Алайда компания органның сұраныстарын қанағаттандырып, ынтымақтастыққа келмесе, бұғаттау қажет болады.
Қазір министрлік компаниямен келіссөздер жүргізіп жатыр. Әлеуметтік желінің шағымдарға тезірек жауап беруін және заңға қайшы ақпаратты бұғаттауын қалайды. Қазір қабылданған шаралар жеткіліксіз. Сондықтан министрлік ел аумағында TikTok-қа толық тыйым салуды қарастыруды жоспарлап отыр.
Министрлік 3 мамырға дейін әртүрлі арналарда 1 348 бейнені жоюды сұрайтын 172 хабарлама жібергенін жазады. Платформа тек 206 жазбаны жоюға...