Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев айтты.
Ведомство басшысының сөзінше, туристерден визалық-көші-қон режиміне қатысты көптеген шағым түседі. Сондай-ақ ол виза алуды жеңілдетіп, визалық және көші-қон режимін цифрландыру арқылы дамыту керек деп есептейді.
«Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, шетел азаматтары үшін заман талабына сай көшпенділерге арналған визаны енгізу мәселесі талқыланып жатыр. Оның қолданыстағы атауы – Neo Nomad Visa. Бұл жоба шетел азаматтары үшін ұзақ уақыт бойы елде болуға рұқсат етуге бағытталған. Мұны жүзеге асырудан экономика саласында оң нәтиже – жыл сайын 3 млрд теңгеден астам табыс күтіледі. Қазіргі уақытта Neo Nomad Visa жүйесін енгізу механизм...