Алматыда Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың келіні болған Гүлмира Сатыбалдыға қатысты алдын ала сот отырысы басталды. Сотта Сатыбалдының адвокаттары процесті жабық режимде өткізіп, журналистерді кіргізбеуді сұрады.
Сот процесі басталғанда істі қарап жатқан Алматы қалалық қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған соттың судьясы Мартпек Кәкімжанов айыпталушы Гүлмира Сатыбалды мен Мәди Батыршаевтан істі алқа билердің қатысуымен өткізу туралы сұрады. Екеуі де істі алқа билерсіз, соттың қарауына қалдыруды өтінді.
«Процестің онлайн өтуі туралы өтініш бергіміз келеді. Гүлмира Сатыбалды Астанада тергеу изоляторында, оның қоғамдық қорғаушысы, яғни қызы Шымкентте, ал біз, адвокаттары Алматыда. Сондықтан процестің онлайн режимде өткені барлығымызға тиімді болар ед...