2008 жылғы ипотекалық дағдарысты алдын ала болжаған америкалық қаржыгер Майкл Бьюрриге тиесілі Scion Asset Management қоры Қытайдың ірі технологиялық компанияларының бағасын көтерді. Scion бірінші тоқсанда JD.com мен Alibaba Group компанияларындағы позициясын екі есе арттырды. Бұл кезде осы акциялар бағасы әбден түсіп кеткен болатын.
Толығырақ
АҚШ Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына берілген соңғы тоқсандағы есепке сәйкес, JD.com компаниясы Scion-нің ең ірі активіне айналды. Қытайлық электрондық коммерция операторындағы инвестициялық компанияның үлесі 80%-ға артты. Бұрын иелігіндегі акция 200 мың еді. Енді 360 мың болды. Scion актив портфелінде екінші орынды Alibaba интернет ретейлері алады. Өткен тоқсанда Бьюрридің инвестициялық компаниясы Alibaba-дағы үлесін...