2024 жылы халық қалаулылары болған депутаттар да Мәжілісте түрлі есте қаларлық мәлімдемелер жасап, қоғам назарын өздеріне аударды. Бірі әйелді 15 тәулікке қамауды ұсынса, енді бірі олардың «тілі ұзын» деп көпшіліктің ашуын туғызған. Тағы бір депутат парламенттегі қызметкер әйелге қырындағаны үшін мандатынан айырылып тынды. Осы және өзге де қоғам назарын аударған депутаттардың шулы мәлімдемелері мен әрекеттеріне Кursiv.Мedia тілшісі шолу жасап шықты.
Баққожаев: «Әйелдердің тілі ұзын»…
Жыл басында Анас Баққожаевтың «әйелдердің тілі ұзын» деген мәлімдемесі қоғамда біраз талқыға түскен болатын. Депутат тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әйелдердің өздері түрткі болатынын айтқаны сол-ақ екен, артынша сынның астында қалды.
Анас Баққожаев «басқа пәле тілден» екенін алға тартып...