Жеке тұлғаның банкроттығы бойынша Алматы қаласының тұрғындарынан 8100 өтініш түсіп, соның ішінде 1 134 адам банкрот деп танылған. Бұл жайды Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің қарызын өтей алмайтын борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Айдос Будугулов мәлімдеді.
«Заң күшіне енген күннен бастап бүгінгі күні Алматы қаласы бойынша келіп түскен өтініштердің саны – 8100, оның ішінде, осы жылдың басынан бері – 1727 адамнан өтініш түсті», – деді Будугулов.
Комитет өкілінің айтуынша, банкроттыққа өтініш беру «Электрондық үкімет» порталы, «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге «Qoldau» жеке тұлғалардың банкроттығы ақпараттық жүйесі арқылы тіркеуші Мемлекеттік органдарды...