2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мен жәрдемақы төлемдері жаңа көрсеткіштер негізінде есептеледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында жарияланған.
Осы жылдан бастап, мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдері Ұлттық Банк бекіткен инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға ұлғайтылған. Соның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері 8,5%-ға артып отыр. Бұл инфляция деңгейінен 2%-ға артық.
Министрлік хабарлауынша, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 65%-дан 70%-ға дейін ұлғайтылған. Ал ақшаға шаққанда оның көлемі 32 360 теңгені құрайды. Ал оның ең жоғары мөлшері бұл деңгейден 105%-дан 110%-ға дейін артып...