Қазақстанда вейпке тыйым салуға қарсы петиция қайта ұйымдастырылды. Кезекті құжат «Epetition» порталында жарияланды. Бүгінге дейін оны 19 мыңға жуық адам оқыған болса, 895 қол жинап, 67 адам пікір білдірген.
«Біз, Қазақстан Республикасының азаматтары, вейпке тыйым салуға қарсымыз. Өйткені темекінің балама түрін қолдану құқынан айырылып отырмыз. Ал дәстүрлі темекі мен қызатын темекілерді шеккіміз келмейді. Сондықтан таңдау құқығын өзімізде қалдыруды сұраймыз», – делінген петиция хабарламасында.
2023 жылдың тамызында Қазақстанда вейптерге тыйым салуға қарсы петиция кезінде 100 мыңнан астам қол жинаған. Ол Қазақстанда вейптерге тыйым салу төңірегіндегі шиеленіскен пікірталасқа байланысты жарияланған.
Еске сала кетейік, биыл қаңтар айында...