Назарбаев университетіне жаңа басшы БАӘ, АҚШ, Канада немесе Британия университеттерінен келуі мүмкін. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
Саясат Нұрбектің айтуынша, бүгінде университетте жаңа президентін сайлау мен іріктеу процессі жүріп жатыр.
«Мен өзім бірнеше кандидаттармен сөйлесіп, сұхбат жүргіздім. Абу-Дабидің, Канада, Америка және Британдық университтердің мықты-мықты бұрынғы басшылары кандидаттыққа тапсырып отыр. Жақын арада жаңа президенті тағайындалады. Өте тәжірибелі маман іздеп отырмыз»,-деді ол Үкіметтің баспасөз орталығында.
Ведомство басшысы Назарбаев университетінің бұрынғы басшысы Шигео Катсудың «оқу орнының академиялық еркіндігі мен институционалдық дербестігіне қауіп төніп тұр» деген мәлімдемесіне қатытсы пікір білдірді.
«Қазірг...