Семейде шырша безендіру кезінде құлап, жарақат алған мұғалім ауруханадан шықты. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.
«Ол мұғалім бүгін таңертең ғана ауруханадан шықты. Оның аман-сау шыққаны туралы хабар жетті. Бұл іс қазір әкімдік бақылауында. Бірінші кезектегі шаралар қабылданды. Жауапты адамдар жазаланды», – деді министр.
БАҚ өкілі депутат Жұлдыз Сүлейменованың ұсынысы бойынша мұғалімнің жарақаты өндірістік жарақат ретінде таныла ма, жоқ па соны нақтылады.
Жарақат алған мұғалімге өтемақы төлене ме?
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова тиісті еңбек шартына отырған болса ғана, мұғалімнің жарақаты өндірістік жарақат ретінде танылатынын айтты. Ал бұл жағдайда...