Мемлекеттік аудиторлар Ұлытау облысында 36,4 млрд теңгенің заңсыз жұмсалғанын анықтады. Бұған бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, тиімсіз шығындардың көп болуы, сондай-ақ жүйелі жіберілген кемшіліктер себеп. Бұл туралы облыстың бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген аудит қорытындыларынан белгілі болды.
«Жалпы аудит қорытындысы бойынша: 4,1 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар; 1,7 млрд теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау; 7,8 млрд теңгеге бюджет қаражаты мен активтерді тиімсіз пайдалану; 22,8 млрд теңгеге шығындар мен жіберіп алған пайда; 12 жүйелік кемшілік пен 203 рәсімдік сипаттағы бұзушылық анықталды», – деп жазылған аудит қорытындысында.
Ұлытау облысы құрылғаннан бері шешімін таппаған проблемалар жетерлік. Алты облыспен орта...