Мәжіліс «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасына сәйкес жергілікті тауар өндірушілерге басымдық беріліп, келісімді рәсімдеу мерзімі едәуір қысқартылмақ.
Заң жобасы аясында сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Сонымен бірге мемлекеттік сатып алу рәсімдері автоматтандырылып, сатып алудың бірыңғай платформасы құрылады.
Мақұлданған заң жобасы негізінде:
«мемлекеттік сатып алудың қоғамдық мониторингі» ұғымын енгізу және ол бойынша нормаларды регламенттеледі; әлеуметтік, экономикалық және экологиялық аспектілерді ескере отырып, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға негізделген «тұрақты мемлекеттік сатып алу» институты енгізіледі; әлеуетті өнім берушілердің рейтингі жасалады; мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдерін, мемлекеттік сатып...