Заманауи қазақстандық OYU Fest музыка фестивалі биыл бас серіктес – Kaspi.kz инновациялық компаниясының қолдауымен өтеді. Фестиваль қонақтары қазақстандық үздік орындаушылардың өнерін тамашалайды және Қазақстанның әр өңірінен келген талантты жас музыканттардың жаңа есімдерімен танысады.
Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:
«Біз музыка, спорт, салауатты өмір салты төңірегінде адамдарды біріктіретін отандық жобаларға қуана қолдау көрсетеміз. Көп жыл бойы Kaspi.kz – Алматы Марафонның, The Spirit of Tengri фестивалінің, Qazaq National Parks жобасының және басқа да жобалардың бас серіктесі. Бізге OYU Fest фестивалінің заманауи қазақстандық музыканың жас дарынды орындаушыларына жол ашу идеясы қатты ұнады. Біз еліміздегі және бүкіл...