Қаржы министрлігі Ұлттық қордағы қаражат көлеміне қатысты ай сайынға есебін жариялады. Ақпаратқа сәйкес, Ұлттық қорда қазір 28, 6 трлн теңгеден аса қаражат бар. Наурыз айының соңындағы көрсеткіш бойынша оның көлемі 28,8 трлн теңге болған еді. Бір ай ішінде қор қаражаты 200 млрд теңгеге қысқарған.
Жалпы 2024 жылдың 1 қаңтарында Ұлттық қордағы қаражат көлемі 29,1 трлн (29 111 476 663 8,5) теңге болған еді.
Ал наурыз айында мақсатты трансферттер үшін Ұлттық қордан 411 млрд теңге алынды. Сәуір айында да дәл осындай сомада мақсатты трансферттер бюджетке аударылды.
Жалпы 2024 жылдың басынан бері Ұлттық қордан 1,9 трлн теңге қаражат...