Қазіргі кезде Қазақстандағы 5 банктің балансында 1,5 трлн теңгеге жуық мемлекеттік көмек бар. Олар: БанкЦентрКредит, Еуразиялық банк, Bank RBK, Jusan Bank және Nurbank. Бұл көмек қаржыны 2017 жылғы сауықтыру бағдарламасы аясында ҚР Ұлттық Банкі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ берген.
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің «Курсив» сауалына берген жауабында жазылған.
«Қазіргі уақытта бес банктің (БанкЦентрКредит, Еуразиялық банк, Bank RBK, Jusan Bank және Nurbank) балансында 1 487,4 млрд теңге мөлшерінде мемлекеттік көмек бар. Бұл қаражат мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық талаптарында ұсынылған. Өтеу талаптары жасалған шарттарда айқындалған», – делінген жауапта...