Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «ШАХ» құрылыс компаниясы мемлекеттік сатып алу талаптарын толық орындамайтын қатысушы ретінде танылды.
Мердігер ұйым Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова тынымбағын қайта жаңарту жұмысын жүргізуге тиіс еді. Бірақ тапсырыс беруші онымен келісімшартты бұзды. Құрылыс жұмысын тоқыратқаны үшін компаниядан 56,1 млн теңге көлемінде тұрақсыздық айыбы өндіріледі.
Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы жаңа мердігерді анықтауға қайта конкурс жариялады. Конкурстық рәсімдердің аяқталуының болжамды күні – 2024 жылғы 25 мамыр, скверді реконструкциялау жұмысының толық орындалуы – жыл соңына дейін.
Естеріңізге сала кетейік, «Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасы» КММ мен «Шах» құрылыс компаниясы» ЖШС арасында скверд...