Қажылыққа визасыз барған адам күнә жасаған болып саналады. Осылай деп мәлімдеген Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы қажылық жасаудың талаптары мен тәртіптерін түсіндірді.
Сауд Арабиясы корольдігінің қажылық және умра министрлігі 26 сәуірде арнайы мәлімдеме жасап, тиісті қажылық визасынсыз қажылыққа бару заңсыз екенін мәлімдеді. Сондай-ақ мәлімдемеде қажылық парызын өтеуге ниеттенген азаматтарға ескерту де айтылған. Әлеуметтік желілер арқылы қызметтерін жарнамалап жүрген, қажылық маусымын ұйымдастыруға заңды құқығы жоқ компаниялардан сақ болып, олардың қызметтеріне жүгінбеуге кеңес берілді.
Діни басқарма қажылық және ұмра саласында қызмет көрсететін тәжірибелі туроператорлар арасында 2024 жылғы қажылықты ұйымдастыруға өтініш білдірген туроператорларға байқау жариялаған. Мұндағы мақсат әділ бәсекелестікке қол жеткізу және қажылыққа...