Чансиндегі Geely зауытында В+ санатындағы Emgrand моделі жинақталады. «Курсивке» көлікті жинау процесімен жақынырақ танысу мүмкін болды.
Өндіріс 100% автоматтандырылған. Автокөлікті жинауға адам аз араласады. Чансидегі зауытта күніне 1000 автокөлік шығарылады.
Біз екі цехта болдық. Changxing (Қытайдағы Чансин қаласы) қалыптау цехының жалпы ауданы 18 740 шаршы метр. Онда жылына 300 000 мыңға дейін автокөлік шығаратын жоғары жылдамдықты екі автоматты қалыптау желісі орналасқан.
Дәнекерлеп құрастыру цехының ауданы 76 435 шаршы метр. Бірінші кезеңде KUKA неміс роботының 259 жиынтығы орнатылған. Екінші кезеңде 245 KUKA роботтары орнатылып, олардың жалпы саны 504-ке жеткен екен.
Geely-дің басқа да өнеркәсіптеріндегі сияқты Чансиндегі дәнекерлеу цехының жұмысы 100%-ға автоматтандырылған. Тіпті қалыңдығы...