Компания бәсекеге қабілетті болуы үшін технология саласындағы трендтерді біліп отыру керек. Себебі жаңаша прогрестерді дер кезінде біліп, өндіріске енгізіп отырса, стартаперлер, компания басшылары мен инвесторлар қабылдайтын шешімдеріне нендей тенденциялар әсер ететінін жақсырақ түсіне алады. 2024 жылы қандай басты технологиялық және бизнес-трендтер болатынын шолып шығайық.
Дженератив жасанды интеллект
Мұның басты тренд екені айтпаса да белгілі. 2025 жылға қарай AI барлық деректің 10 пайызын генерациялайтын болады деген болжам бар. Бұл дегеніміз биыл жасанды интеллект тіпті қарқынды жұмыс істейтінін білдіреді. Мысалы Nvidia компаниясының табысына қарап, инвесторлар дженератив жасанды интеллектіге ерекше назар аудара бастады. Ал компания акциялары демде аспандап кетті. Жалпы...