Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы тұрақтандыру және даму қоры Қырғызстанның салық жүйесін жетілдіру үшін салық қызметіне 1,45 млн доллар грант бөледі.
«Салық төлеушілерді санатқа бөліп, «салық төлеушінің рейтингі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін және Қырғыз Республикасындағы салық төлеушінің цифрлық бейін модулін әзірлеу» жобасын іске асыру үшін ЕТДҚ гранттық негізде елге 1,45 млн доллар бөлді», – делінген қор хабарламасында.
Жоба Қырғыз Республикасының Мемлекеттік салық қызметінде салық төлеушілерді санаттау, оларды статистикалық және математикалық модельдерді пайдалана отырып сегменттеу, сондай-ақ салық төлеушінің цифрлық бейінді модулін әзірлеу үшін автоматтандырылған ақпараттық жүйені құруды көздейді.
Жүйені құру нәтижесінде бизнес жүргізудің ашықтығы қамтамасыз етіліп, республикадағы...