Азия даму банкі (АДБ) Қазақстан бойынша жаңа директорын тағайындады Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, Утсав Кумар бүгін қызметіне кіріскен. Ол жақында АДБ Орталық және Батыс Азия департаментінің кеңесшісі болып тағайындалған Нариман Маннапбековті алмастырды.
Утсав Кумарға АДБ-ның елдегі операцияларын басқару, банктің үкіметпен және басқа да мүдделі тараптармен ынтымақтастығын дамыту жүктеледі. Ол АДБ-ның 2023-2027 жылдарға арналған елдік әріптестік стратегиясын іске асыруға жетекшілік етеді.
Аталмыш стратегия мемлекеттік және жекеше секторға, білім және институционалдық даму саласындағы шешімдерге инвестициялар салу арқылы Қазақстанның тұрақты әрі инклюзивті өсімге қол жеткізуіне жәрдемдесуге бағытталған.
Утсав Кумардың 18 жылдық халықаралық жұмыс тәжірибесі бар, соның ішінде АДБ-да...