Алматыда жаңа алма бақтары пайда болады. Бұл жайлы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алма ағаштары «Алматы – бақ қала» акциясы аясында 27 сәуір күні отырғызылмақ.
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының аясында жасыл желек егумен қатар, жаппай алма ағаштары отырғызылады. 7705 жасыл желек, оның ішінде 4015 жеміс ағашы отырғызылады. Жеміс ағаштарының ішінде 3855 түп алма ағашы бар. Сонымен бірге 1090 түп жапырақты ағаш, 2600 түп сәнтал, ырғай, қабыржық, қаржеміс және т.б. ағаштар бар»,– делінген әкімдік хабарламасында.
«Алматы – бақ қала» жалпықалалық акциясына Алматының барлық тұрғыны мен қонағы қатыса алады.
Көшеттер қаланы...