Армения ҰҚШҰ-ға мүшелігін де-юре тоқтатуы мүмкін. Бұл жайлы Армения премьер-министрі Никол Пашинян айтты. Ол ҰҚШҰ-ның республика үшін қиындықтар туғызып отырғанын мәлімдеді.
Пашинян егер ұйым республика алдындағы қауіпсіздік міндеттемелерін орындамаса, ҰҚШҰ-ға мүшелігін заңды түрде тоқтататынын айтты. Ол қазіргі уақытта ұйыммен байланыс іс жүзінде тоқтап тұрғанын мәлімдеді. Яғни қазіргі уақытта Ереван ұйымға мүшелігін де-факто тоқтатқан, бірақ бұл шешімін де-юре мәртебесіне көшіруге дайын екенін жеткізді.
«ҰҚШҰ Армения алдындағы қауіпсіздік саласындағы міндеттемелерін орындаудың орнына, керісінше, Армения Республикасы үшін қиындықтар туғызып отыр», – дейді Армения басшысы.
Пашинян альянста Арменияның тұрақты өкілінің жоқ екенін және ұйымның жоғарғы деңгейде...