Ресейлік жансыздар Just Stop Oil өкілдерімен кездесіп, Қазақстанға қарсы жалған ақпарат таратып, шабуыл жасауға келіскен. Оның ішінде елшілікке шошқа қанын шашу әрекеті де бар. Лондонда өтіп жатқан сот залында осындай нұсқа айтылып отыр.
The Telegraph-тың жазуынша, Грейт-Ярмуттағы үйінде отырып шпиондық желіні басқарған Орлин Русев сотта климатты қорғауды көздейтін белсенділермен кездесіп, Лондондағы қазақ елшілігіне қан шашуды жоспарлағанын айтқан.
Оның сөзіне қарағанда, сенімге кіру үшін қазақстандық әріптестеріне ресейлік арнайы қызмет өкілдері ұйымдасқан наразылық акциялары туралы жалған барлау мәліметтерін беріп отырған.
Шпионның сөзіне сенсек, Қазақстан арнайы қызметі Ресей тарапының мәліметтеріне аса сенбеген. Бұған көзі жеткен соң, ол пэр, баронессаға және басқа ек...