Қазақстандықтар 2024 жылдың үш айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделу үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) көбірек қаражат ала бастады.
Біржолғы зейнетақы төлемдеріне сұраныс артты
Биылғы жылдың қаңтар-наурызында БЖЗҚ-дан алынған қаражаттың жалпы сомасы шамамен 193 млрд теңгені құрайды. Ал 2023 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ осы кезеңде шамамен 98 млрд теңге алынған. Қазақстандықтар қордан зейнетақы қаражатын өткен жылмен салыстырғанда 96,9%-ға көп алған.
Бұл ретте осы соманың негізгі бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделу ақысын төлеуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінен (БЗТ) құралған – шамамен 83,7 млрд теңге. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,4 есеге...