2024 жылдың әр тоқсаны сайын Ресейдегі соғыс бюджеті көбейіп жатыр. Үшінші тоқсанда «ұлттық қауіпсіздік» деген бап бойынша бюджеттік шығындар 4,23 трлн рубльге жетті. Мұны Халықаралық қауіпсіздік мәселелері институтының мамандары «Электронды бюджеттегі» ашық дерек негізінде есептеп шығарған.
Осы жылы үшінші тоқсандағы әскери бюджет екінші тоқсанмен салыстырғанда 80%-ға, ал жылдық есепте 53%-ға артты. Шілде-қыркүйек аралығында ресейлік үкімет әскерді қамтамасыз ету мен қару-жарақ сатып алуға аптасына 329 млрд рубль жұмсаған. Күніне 47 млрд рубль, сағатына 1,96 млрд рубль шығады. Теңгемен есептегенде Ресей соғысқа күніне 235 млрд теңге, сағатына 10 млрд теңге жұмсайды.
Институт мамандарының есептеуінше, 2024 жылдың бір тоқсанында соғысқа жұмсалған қаржы елдегі білім...