Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерді бірыңғай QR-код бойынша төлемге қосылуға міндеттей алады. Бұл туралы базалық мөлшерлемені өзгерту туралы баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.
«Банктер Ұлттық қаржы инфрақұрылымының артықшылықтарын көруі керек, оның негізінде олар бір-бірімен өзара әрекеттесу мүмкіндіктері бар. Ол ерікті түрде жасалады. Барлық банктер бірыңғай QR-код бойынша төлемге қосылады деп үміттенемін. Егер ерікті түрде қосылмаса, біз міндеттеу шарасын іске асыра алатынымызды жоққа шығармаймын», – деді Ұлттық банк төрағасы.
Сүлейменовтің сөзінше, 2022 жылы Ұлттық Банк жедел төлем жүйесін (ЖМК) енгізген. Оған банктер еріктітүрде қосылуы қажет болған. Алайда Kaspi мен Halyk-тың өзіндік QR-төлем...