Мәжілісте автомобильмен жолаушылар тасымалы саласында өзін-өзі реттеу туралы заң жобасы қаралып жатыр. Заң жобасына қатысты мемлекет мойындап отырғандай, қазіргі таңда нарықты бақылайтын такси агрегаторларының да, сондай-ақ облысаралық автобус тасымалдары өкілдерінің де сұрақтары бар. Өйткені автобус тасымалы агрегаторлар әсерінен іс жүзінде жойылып кетуге жақын тұр.
Такси қызметі автобус тасымалын титықтатып тынды
«Автобус тасымалдары бес-алты жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда 90%-ға дерлік азайып кетті. Қазіргі таңда автовокзалда тек 10-11 тасымалдаушы жұмыс істейді, олардың өзі тек бірнеше ірі бағыт бойынша ғана. Қалғанының бәрі, тоқетерін айтқанда, жойылды», – деп шағымданды Қостанай қаласындағы «Саяхат» автовокзалының басшысы Ольга Терехова.
Халық бұрын...