Жаңа жылдан бастап мектептердегі ас мәзірі өзгереді. Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, мектеп асханаларында тамақтану стандарты енгізіліп, халықарлық нормаларға сәйкестендіріледі. Бұл туралы министрлік өкілі парламенттік тыңдау барысында айтты.
Министрлік өкілі 2024 жылы мектептерде бірнеше улану фактілері тіркелгенін, бұл оқиғалардан кейін елдегі барлық мектептің тексерілгенін айтты. Министрліктің мәліметінше, елдің 840 мектебінде (12%) түрлі бұзушылықтар анықталған. Бұл бұзушылықтарға байланысты 24 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6 іс прокуратураға жіберілген.
«Қазіргі уақытта мұндай тексерістер Кәсіпкерлік кодекс шеңберінде жүргізіледі. Өкінішке қарай, бұл кодекске сәйкес, біз тексеріс болатынын алдын-ала ескертіп барып жүзеге асыруымыз керек. Өздеріңіз білесіздер...