Елімізде 1 мамырда іске қосылады деп жоспарланған «Наурыз» жаңа ипотекасы бес күн ерте басталады. Бағдарлама операторы «Отбасы Банкі» 25 сәуірде қазақстандықтардың өтініштерін қабылдауға дайын. Өтініштерді қабылдау маусым айының соңына дейін созылады. Бұл туралы «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов Үкіметте өткен брифинг барысында мәлімдеді.
Нұрлан Ақшановтың айтуынша, Қазақстанның барлық азаматы, сондай-ақ 18 жастан 63 жасқа дейінгі қандастар ипотекаға үміткер бола алады.
«Бұрынғы «Отау» бағдарламасына қарағанда, біз салым мерзіміне шарт қоймаймыз. Яғни 30 сәуірде депозит ашып, оны миллион теңгеге толықтырып, іріктеуге қатысуға болады. Соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлік немесе меншік құқығындағы жылжымайтын мүлікпен ешқандай...