Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр.
17 сәуірдегі сот отырысында қылмыстық іс бойынша куәгер – марқұм Салтанат Нүкенованың құрбысы Аида Ахмедина екінші рет қатысты.
Бұған дейінгі сот отырысында Ахмедина мен марқұм Нүкенова арасындағы хаттар оқылған еді. Алайда Бишімбаевтың адвокаттары екеуара әңгімені іс материалдарына қоспауды сұрады. Әңгіменің қолдан «жасалмағанын» растау үшін мемлекеттік айыптаушылар куәгерді тағы бір рет сот залына шақырған.
Нүкенова құрбысына жазған хаттарында Қуандық Бишімбаевтың әрекеті мен психологиялық жағдайы туралы айтқан.
Нүкенованың құрбысына жазған хаттарында не айтылған
Салтанат Нүкенова: Енді білмеймін, мен кетсем, ол сосын...