АҚШ-тың Wabtec компаниясы Қазақстандағы дизельді локомотивтердің жалғыз өндірушісі – «Локомотив құрастыру зауыты» бірлескен кәсіпорнының қалған 50% акциясын сатып алды. Бұл туралы компанияның қаржылық есебінде айтылды.
Қазір шетелдік компания Астанадағы зауыттың толыққанды иесі. Айта кетейік, 2022 жылдың қыркүйек айына дейін үлестің 50%-ы ресейлік «Трансмашхолдинг» компаниясына тиесілі болған.
«Біз төртінші тоқсанның аяғында Қазақстанда ЛҚЗ құрастыру кәсіпорнымыздың қалған 50%-ын сатып алдық. Мәміле сомасы $81 млн-ды құрады», – деді АҚШ-тың Wabtec компаниясының қаржы директоры Джон Олин.
Компанияның пайымдауынша, акциялардың 50%-ын сатып алу олардың 2024 жылы сатылуына әсер етпейді. Тек кірістің өсуіне аз ғана әсер етуі мүмкін.