Tesla акционерлері Илон Маскқа 56 млрд доллар жалақы тағайындаған. Бірақ америкалық сот тағы да мұндай өтемақыны Маскке беру заңсыз деп таныды.
DW баслымының жазуынша, электр көлігін өндіретін Tesla компаниясының басшысы Илон Маск 56 млрд долларлық өтемақы пакетіне қатысты дауда тағы да жеңіліске ұшырады. Судья Кэтлин МакКормик дүйсенбі, 2 желтоқсанда, Tesla акционерлері маусым айында пакетті қайтадан қолдап дауыс берсе де, Масктің ақшаны алуға құқығы жоқ деп шешті. Tesla бастапқыда 2018 жылы белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін кәсіпкерлік бонустарын енгізді.
Сот шешімін жариялағаннан кейін Маск X платформасындағы микроблогында компанияның дауыстарын судьялар емес, акционерлер бақылауы керек деп жазды. Tesla X парақшасында...